Жаңалықтар

Рэп айтатын ақсақал желіні шулатты (ВИДЕО)

Рэп айтатын ақсақал желіні шулатты (ВИДЕО)

«Қара шал» лақап атымен танымал ақсақал этникалық рэп орындап жүр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Рэп орындаушының шығармашылығындағы басты ерекшелік – арғы ата-бабаларымыздың көне руна жазуын бүгінгі күннің сұранысына сай заманауи поп-мәдениетіне ендіру.
«Қара шал – көнекөз қария. Ол этнохоп жанры арқылы халықтың қиын тағдырын баяндайды. Осы арқылы жас айырмашылығы да, шығармашылық шекараның жоқтығын байқауға болады. Өйткені бұрынғы көне дала нақышы мен хип-хоптың үйлесім тапқанын көре аламыз, – дейді әртістің менеджері.
Жобаның «Айтам» деп аталатын алғашқы композициясында 1968 жылғы «Тақиялы періште» фильмінің дауыс фрагментін пайдаланған. Бұл – Алтын қордағы ұлттық киноны көпшілікке танытудағы алғашқы қадам. https://www.youtube.com/watch?v=CyPlHvD0_sM