Жаңалықтар

Ресейден келген мигрант қазақтарға жылқыны союға қарсылық білдіріп, қорғауға көшті

Ресейден келген мигрант қазақтарға жылқыны союға қарсылық білдіріп, қорғауға көшті

Ресейде жаппай мобилизация жарияланғаннан кейін экоблогер Алексей Сибирский Қазақстанға келіп, Орал қаласында қоныстанған, деп хабарлайды Taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.   Келе салып ол қаладағы өзен арнасын тазарту бойынша экоакция өткізіп, көптеген қазақстандықтарды таңқалдырған еді. Енді Алексей Сибирский  жылқыны союдан қорғау науқанын бастады.
"Ет үшін жылқыларды соймақшы. Жас, сап-сау жылқыларды сатып, тамағын кесіп қансырағанын күтіеп қарап тұрады. Иттерді өлтіргендерді жазалаймыз да, заңды түрде жылқыларды сойып, етін жейміз. Жылқылар да ақыл-ой және эмоционалдық қабілеттері жағынан иттерден кем емес. Заңды түрде қасапшылықты тоқтату мүмкін емес. Бірақ жылқыларды сатып алып, олардың өмірін сақтап қалуға болады. Бір жылқының құны 72000 рубль (саудаласуға болады). Ресейдің және ТМД елдерінің кез келген қаласына арзан тасымалдау мүмкіндігі бар”, – деп жазды ол.
Оған қоса блогер, жылқыларды құтқару үшін арнайы шот ашып, ақша жинауды бастаған.

Taulik.kz