Қазақ тілінде оқып жатқан балалар саны 70%-ға артты - АЙМАҒАМБЕТОВ
Қазақ тілінде оқып жатқан балалар саны 70%-ға артты - АЙМАҒАМБЕТОВ
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазір қазақ тілінде оқитын балалардың саны артып жатыр. Мысалы, биыл біз 1-сыныпқа балаларды мектепке қабылдағанда тиісті мәліметті бердік. Осы жылы олардың 70%-ға жуығы қазақ тілін таңдады. Ата-аналар балаларын қазақша білім беретін мектептерге жіберді. Жалпы бүгін барлық білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік тілде оқитын балалардың саны 70%-ға жақындап қалды. Негізі бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп жатыр, - деді министр Үкімет отырысынан соң.Министрдің айтуынша, алдағы уақытта қазақ тіліне аса қатты мән беріп, кітаптардың молырақ шығуын қадағалау керек.
«Әсіресе, балабақша деңгейі бойынша бұл үрдісті жақсы көруге болады. Сондықтан осы жұмысты жалғастырамыз. Ол үшін біз міндетті түрде тиісті сапа мен контентті қамтамасыз етуіміз керек. Әсіресе, қазақ тіліндегі кітаптардың болуына назар аударамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
Taulik.kz