Жамбылда пойыз бен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты

1 қараша, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Жамбылда пойыз бен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz.  Обылстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең орын алған.
«Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Taulik.kz