Жаңалықтар

Түркістанда полицейлер 8 тонна кір жуғыш затын өндірген цехты анықтады

Түркістанда полицейлер 8 тонна кір жуғыш затын өндірген цехты анықтады

Түркістанда полицейлер жасырын цехты анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі, - деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жасырын цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.
Нәтижесінде полицейлер төрт ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған.  />

Сонымен қатар, электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни Taulik.kz