Маңғыстауда 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды
Маңғыстауда 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды
Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды.
Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.