Қазақстанда спортшыларға өмір бойына төленетін төлемақы төрт есеге өсті
Қазақстанда спортшыларға өмір бойына төленетін төлемақы төрт есеге өсті
Қазақстанда жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлеріне өмір бойына ай сайын төленетін төлемақы төрт есе өсті, - деп хабарлайды Taulik.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандық спортшыларға және Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаты жеңімпаздарының жаттықтырушыларына өмір бойына ай сайынғы қолдау мөлшері ұлғайтылды. Бұл төлем бастапқыда 24 АЕК, яғни 76 380 теңге болып, ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалған болатын. Дегенмен биыл Мәдениет және спорт министрлігінің Үкіметке ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 100 АЕК – 318 мың теңгеге дейін өсті", - деді комитеттегілер.Өзгерістер тек спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондарын тәрбиелеген жаттықтырушылар да өмір бойына алатын ай сайынғы материалдық қолдауға өтініш бере алады.
Taulik.kz