Қостанайда салынған жаңа үйлерді топан су басқан - БАҚ
                        
                                    
Қостанай облысындағы жаңа үйлердің тұрғындары шағымдарын айтты, - деп хабарлайды Taulik.kz "Алау"басылымына сілтеме жасап.
Еске салайық, Қостанай облысында өрттен зардап шеккендер жаңа баспана алған болатын. Оларға баспана кілті тапсырылғанына 10 күн өткен.
"Септик толып қалды. Балаларды кранға жолатпаймын", - дейді үйлердің бірінің тұрғыны.
alau.kz
Қазірдің өзінде бірнеше үйдің септигі жартысынан асып, толып кеткені айтылған. Аудан әкімдігі бұл мәселе бақылауға алынып, шешіліп жатқанын хабарлады.
Taulik.kz