«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарады (ВИДЕО)
«Қазақ па, өзбек пе?»: Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарады (ВИДЕО)
Желіде Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы айтылған видео тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы файтер Өзбекстанда туған, алайда оның спорттағы жетістіктері Қазақстанмен байланысты.
«Оның әкесі қазақ. Рахмонов әкесіне және Брюс Лиге ұқсайды», - дейді «Яккакураш олами» YouTube-арнасының авторлары.Шавкаттың анасы туралы да ақпарат бар. «Бұл - Ташбува Атамурадова. Ол қоңырат, оның ішінде алпамыш. Ол өзбек эпосы Байсын-таудан тараған», - дейді олар.
«Шавкат өзбек тілінде оқыған. Латын әліпбиімен. Қазақстанға алғаш келген жылдары қиын болған, себебі ол орыс тілін білмеген еді», - дейді арна авторлары.https://www.youtube.com/watch?v=9W1336i9YGQ