Жаңалықтар

«Ол үшін митингі өткізу мақала жазудан оңай»: Жанболат Мамай жоба ма?

«Ол үшін митингі өткізу мақала жазудан оңай»: Жанболат Мамай жоба ма?

Журналист Жарас Кемелжан «Жанболат жоба ма?» деген сұраққа Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді, деп жазады Taulik.kz сайты.
«Жанболат Мамай бостандыққа шығыпты. Жақындары қуанып жатыр. Ұзағынан болсын!
Дегенмен қазақ қоғамында Мамайға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бұрын қолдайтындар көптеу сияқты еді, қазір оны елемейтіндердің саны басымдау. Тіпті, Мамайды жоба деп түсінетіндердің қарасы қалың. Неге? Біріншіден, Жанболат митингі ұйымдастырса, басқалар ұсталады да, Мамай «құрғақ» шығады. Мамай биліктегілердің бәріне тіл тигізе береді. Митингі өткізу мақала жазудан оңай ол үшін.
Мамайды жоба десек, бұл өзін ақтамаған жоба болды. Артынан жұртты ерте алмады, оппозицияда соншалық бедел жинай алмады. «Үкімет кредитті кешірсін» деген сияқты арзан популизмнен аса алмады.
Әлтаев пен Мамайдың көзқарасы мен ұстанымдарында соншалық айырмашылық жоқ. Екеуіне де сенетін халықтың қарасы аз. Саясатта жүрген адам сынға да, шынға да шыдамды болу керек. Мамайдың айналасындағылар сынды қабылдай алмайды. Бұл өзін саясаткер санайтын адамға тән мінез емес.
Әрі-беріден соң халықты алдап, оппозиционер болудың қажеті шамалы. Елдің сенімімен ойнаудан ешкім опа таппаған», - деп жазды ол.