Жаңалықтар

Иран Қазақстанға жер бермекші

Иран Қазақстанға жер бермекші

Иран қазақстандық терминал құрылысы үшін Бандар-Аббас портынан жер учаскелерін беруге дайын. Бұл туралы Taulik.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Парсы шығанағында орналасқан Бандар-Аббас портында болды. Баспасөз қызметі мәліметінше, бұл – өңірдегі қуаттылығы жылына 135 млн тонна болатын ең ірі ауыстырып тиеу хабтарының бірі, мұнда жүк теміржол, авто, теңіз көлік түрлерінен жүргізіледі. Қазақстандық бизнес өкілдері порттың негізгі ауыстырып тиеу қондырғылары мен сақтау терминалын аралап, Парсы шығанағы жағалауында өздерінің ауыстырып тиеу қондырғыларын құруға қызығушылық білдірді.
"Өз кезегінде Иран тарапы Бандар-Аббас портында құрғақ терминал салу үшін 15 гектар жерді резервке алуға келісті. Бұл мәселені пысықтау үшін Шахид Раджай портының әкімшілігі (Бандар-Аббас) мен қазақстандық бизнес өкілдері арасында бірлескен жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ жұмыс тобы қазақстандық астықты ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту үшін сүрлем мұнараларын салу мүмкіндіктерін зерттейді", - делінген хабарламада.