Жаңалықтар

Күйеуі ауыр халде: Бадықова кинодағы рөлі өмірде қайталанғанын айтты

Күйеуі ауыр халде: Бадықова кинодағы рөлі өмірде қайталанғанын айтты

Күні кеше танымал кино және телехикая жанрындағы актриса Дариға Бадықова жол апатына ұшарағанын айтқан еді. Қасында болған күйеуінің басынан қан кеткен. Бір қызығы, дәл осындай жағдай жақында олар түскен сериалдың сценариінде де болған, деп хабарлайды Taulik.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.  Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетіп жатқан "Күйеу бала" сериалының кешегі бөлімінде Дархан Мұсаев мотоциклмен жазық далада тасқа соғылып, басынан қан кетеді.
"Кино мен шын өмірде бірдей бүгін жол апатына түсті. Тезірек сауығып кетсін", "Ей алла, өмір мен киноның қатар келгенін-ай", "Өмірдің дайындаған тосын сыйлары көп-ау, дәл қазір осы сәт шын өмірде болып жатыр", "Өмірдің өзі" кино", — деген пікірлер көптеп жазылған.
Жалпы, кинодағы кейіпкерінің тағдыры шын өмірде қайталанған жандар өте көп. Мысалы, қазақ киносының шоқ жұлдыздарының бірі Асанәлі Әшімовтің ұлы Сағи Шоқан Уәлихановтың рөлін ойнап, ғалымның жасаған ғұмырында өмірден өткен. Әкесі баласын киноға түсіруге дайындағанда әжесі Тәжіхан: "Сағиды неге бұл рөлде ойнатасың? Әлдеқашан сү­йегі қурап қалған аруаққа тиме­сеңдерші, жаман ырым ғой", деп шыр-пыр болыпты.  />

Айтпақшы, Асанәлі Әшімов жары Майра Шәкенқызы дүниеден өткен соң (1993 жылы) бейітінің басына анасы Тәжіханды, баласы Сағиды және бірнеше кісіні ертіп келіп, құран бағыштаған. Taulik.kz