Жаңалықтар

Ресей өз аумағында Қазақстан көмірін тасымалдауға тыйым салуы мүмкін

Ресей өз аумағында Қазақстан көмірін тасымалдауға тыйым салуы мүмкін

Ресей Энергетика министрлігі өз аумағында Қазақстан көмірін темір жол көлігімен тасымалдауға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ресей де, Қазақстан да ЕАЭО-ға кіргеніне қарамастан, ресейлік шенеуніктер көршілеріне шектеу енгізіп, өздерінің көмір экспорттаушыларын қолдау қажет деп санайды. Бұл бастама қазан айының ортасында Ресей вице-премьері Александр Новактың көмір экспортын дамыту жөніндегі жиналысында көтерілген. Сол себепті ресейлік көмір экспорттаушыларды қолдау үшін Ресей билігі порттарда тасымалдау мен жөнелтудің артықшылығын қамтамасыз ету үшін үшінші елдерден көмір транзитіне уақытша тыйым салуды ұсынды.