Жаңалықтар

Қазақстанда бәрі оңай, рақметін айтып шештім - Ресейлік блогер жазаланды

Қазақстанда бәрі оңай, рақметін айтып шештім - Ресейлік блогер жазаланды

Ресейлік блогер Алматыда жол ережесін бұзып, кейін әлеуметтік желіде оны оңай жолмен шешкені туралы видео түсірген, деп хабарлайды Taulik.kz.  Видеодан байқағанымыздай, ресейлік блогер өз көлігін рұқсат берілмеген жерге қойғаны үшін полиция қызметкері оның нөмерін шешіп кеткенін айтады. Бірақ кейін ол барлық мәселені «рақметін айтып» шешкенін жеткізді.
«ӘҚБтК-нің 601-бабы «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» және ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігі «Көлік құралының жүріс бөлігіндегі, қарсы қозғалысқа немесе озып кетуіне, сондай-ақ ұйымдасқан көлік немесе жаяу жүргінші бағанының қиылысына немесе онда орналасқан орынға орналасу ережелерін бұзу», ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша хаттама толтырды», – деп хабарлады қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Taulik.kz