Енді халыққа берген уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады
Енді халыққа берген уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады
Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова маңызды өзгерістерді мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Енді депутаттар сайлауалды бағдаламасын дайындаған кезде өте сақ болғаны жөн. Себебі халық қалаулысы берген уәделерін орындамаса, қоғам сұранысын қанағаттандырмаса, мандатынан бір сәтте айырылуы мүмкін. Бүгіннен бастап депутаттық мандатты қайтарып алу институты енгізілді. Бұл өз кезегінде халық қалаулыларының жауапкершілігін арттырып, сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға ынталандырмақ, - деді вице-министр.
«Заңда Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз 7 жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді», - деді Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Taulik.kz