Жаңалықтар

АҚШ демократиясы шайқала ма: Байден неден сескеніп отыр?

АҚШ демократиясы шайқала ма: Байден неден сескеніп отыр?

Джо Байден Когрестегі аралық сайлау кезінде республикалықтардың жеңіске жетуі АҚШ демократиясын әлсіретеді деген ескерту жасады әрі бұрынғы президент Дональд Трамп та Ақ үйдегі таққа қайта келгісі келетінін меңзеді, деп хабарлайды taulik.kz «Голос Америка» сайтына сілтеме жасап. АҚШ президенті Джо Байден сайлауалды шарада аралық сайлауға екі күн ғана уақыт қалғанын, егер республикалықтар жеңіп кетсе, олар қос бірдей Конгресс палатасына билік жүргізгісі келеді деген оймен мәлімдеме жасады. Аралық сайлау 8 қарашада өтеді. Дәл осы тұста АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп сайлауалды митингте республикалықтарды қолдап, АҚШ президенттігіне үміткер екенін де жасырмады. Республикалықтар Байденді COVID-19 пандемиясынан кейін елдегі қылмыстың көбейуіне және инфляцияның өсуіне әсер етті деп сынайды. Тәуелсіз сарапшылардың болжамынша, республикалықтар Конгрестің Палатасы мен Сенатынан да көп орын алуы мүмкін.