«Сөзімді дұрыс түсінбей қалғансыңдар демесін»: қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмей ме?
«Сөзімді дұрыс түсінбей қалғансыңдар демесін»: қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмей ме?
Еліміздің заңнамасына тағы да өзгерту енгізіледі. Бұл жолы мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Осы орайда әлеуметтік желіде аталмыш тақырыпты талдаған жазбалар пайда болды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Журналист Мақсат Толықбай осы ақпаратты Facebook желісінде бөлісіп, «Смайылов бүй депті» деп жазды. Жазба астында түрлі пікірлер жазылған.
«Ертең тағы «сөзімді дұрыс түсінбей қалғансыңдар» деп жүрмесін», «жақсы сөз, жарым ырыс. Халық нанбай жатыр, осыдан біле берсін, жұмыстың қандай болып жатқанын», «оған өзге елде туып, өз ана тілін ұмытып қалған ұлты Қазақтар кірмеу керек», «ең дұрысы осы, енді биліктегі басшыларға, депутаттарға мемлекеттік тілді білуді міндеттесе болады», - деп жазды желі қолданушылары.