Ата-анасы ажырасқан: Түркістанда 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Ата-анасы ажырасқан: Түркістанда 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Түркістан облысы Төлеби ауданының Сұлтанрабат ауылында алтыншы сынып оқушысы өз өміріне қол жұмсады, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 5 қарашада орын алған. Полицияда ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Маған өте қиын. Мен оның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқамадым. Ол демалыста болды. Біз үнемі жұмыста боламыз. Оған ешкім қысым жасаған жоқ. Менің ешкімге шағымым жоқ», — деді қайтыс болған жасөспірімнің әкесі.Ауыл мектебінің директоры Шухрат Гасанов Orda.kz сайтының журналисіне демалыс алдында баланың көңіл-күйі жақсы болды деді.
«Бала әкесімен және бауырларымен бірге тұрды. Оның ата — анасы ажырасқан және екеуі де екінші некеде», — деді Хасанов.Оның айтуынша, барлық педагогикалық құрам оқушының өліміне таң қалған.
«Мектеп психологы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полицияға жауап алуға шақырылды. Тергеуге қатысты басқа ақпарат бере алмаймын», — деп атап өтті оқу орнының директоры.
Taulik.kz