Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Алғашқы 2 адамға рақымшылық жасалды

Қаңтар оқиғасы: Алғашқы 2 адамға рақымшылық жасалды

Таразда рақымшылық заңы бойынша алғашқы екі азаматтың ісі тоқтатылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Олар қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желіде жұртты жаппай тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталған болатын. Судья Ербол Дүйсенбаевтың айтуынша, 26 және 29 жастағы қос азамат қылмыстық жауапкершіктен босатылып, оларға қатысты іс жаңа заң негізінде тоқтатылған. Айта кетейік, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 110 тұлғаға рақымшылық жасалмақ.