Жаңалықтар

Білім беру шеңберіндегі имидж

Білім беру шеңберіндегі имидж

Имидж – мақсатты педагогикалық процестің әлеуетті және барлық қатысушыларының талаптары мен қажеттіліктеріне сай болатын арнайы құрастырылған үлгі. Кезкелген адамға қарап, туралы алғашқы пікірді қалыптастырамыз.Соның негізінде біз оған белгілі бір сипаттама береміз және бұл  ойымызда бекітіледі. Адам белгілі бір әлеуметтік ортадаөмір сүреді (отбасында, достары арасында, жұмыстат.б). Осы ортада сіздің имиджіңіз әртүрлі болуы мүмкін. Соның бірі – жұмыстағы имидж. Сіз қандай қызмет атқарсаңыз да, өзіңізге тән имидж керек. Ол жеке тұлғаның ізденісі, өзін-өзі ұстауы нәтижесінде қалыптасады. Дәл осы тақырып аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1 курс магистранттары Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның «Басқару психологиясы» пәнінде ашық әңгіме-талқы жүргіздік. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс-тұрысы. Іскери имидж – адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іс-қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажет. Вербальды имидж (ауызша) – қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой-пікір (ауызша немесе жазбаша). Вербальды емес іс-әрекеті имиджі  – ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орнын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез-құлықтың теріс, келеңсіз  жақтарынан сақтану қажет. Көп қырлы күрделі имидж – позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Имидждің түрлерін, оның ерекшеліктерін, басшы ретінде, тұтынушы ретінде имиджді қалыстастыру туралы біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Басқару психологиясы» пәні арқылы таныстық. Аталған сабақты психология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовна жүргізеді. Дәріс барысында имидждің, жалпы басқарудың ерекшеліктерін түсіндіріп, кең көлемде талдау жүргізеді. Ал семинар сабағында оқытушы ұсынған еңбектер незінде ізденіп, ғылыми тұрғыда талдау жасаймыз. Бұл арқылы басқару психологиясы туралы танымымыз артуда. Басқару психологиясы білім аласында да өте қажет. Сондықтан бұл курс арқылы білім берудегі басқару имиджін және жалпы басшыға қойылатын талаптарды меңгере отырып, алдағы уақытта қызметте қолдана аламыз. Бұл курсты магистратуда оқытылуы өте тиімді. Осындай артықшылықтар мен мүмкіндіктерді білім беруде Қазақ ұлттық университеті ұтымды пайдаланған. Университетіміз білім берудің озық үлгісін көрсетіп келеді.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

 Адилова Э.Т.

PHD, аға оқытушы,

Педагогика  ғылымдарының кандидаты,

доцент Тленшиева Н.