Тарихтағы алғашқы «алтын»: Ақмарал Науатбек әлем чемпионы атанды

8 қараша, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Тарихтағы алғашқы «алтын»: Ақмарал Науатбек әлем чемпионы атанды Қазақстандық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты massaget.kz-ке сілтеме жасап. J2 дәрежесінде 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсті. Осылайша, Ақмарал Науатбек ел қоржынына тарихымызда әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.