Жаңалықтар

Министр өзі бақылайды: «Педагогті қорғау» арнайы чаты ашылды

Министр өзі бақылайды: «Педагогті қорғау» арнайы чаты ашылды

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Педагогті қорғау" Telegram чатын іске қосты, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл чатта мұғалімдер өздерінің құқығы бұзылғанын хабарлап, министрлікке шағымдана алады.
"Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады", - делінген хабарламада.
"Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқығы бұзылғаны анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды", - деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Taulik.kz