Жаңалықтар

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың 2 жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың 2 жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Шәмшінің осыдан жарты ғасыр бұрын жазған «Мені ойлап жүрмісің» атты туындысы 2 жыл бұрын ғана табылды, деп хабарлайды Taulik.kz. Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың жарыққа шықпаған жаңа әнінің тұсауын бүгін, 9 қарашада Алматыдағы Республика сарайында қойылатын Шәмші әндерінің кешінде кеспек.
«Дәстүрлі Шәмші әнінің кеші аға буын, орта буын, жас буын әншілердің қатысуымен өтеді. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде орындалмаған, орындалса да аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз», - деді Қалдыбек Құрманәлі.