28 мың адамның кредитін кешіру халықты жарылқау деген сөз емес - МАҚСАТ ХАЛЫҚ
28 мың адамның кредитін кешіру халықты жарылқау деген сөз емес - МАҚСАТ ХАЛЫҚ
Халық неге дүрлікті?
-28 мың адамның кредиті кешіріледі деп неге сонша жария қып айтып жатқандарын білмеймін, айтарлықтай көп қаражат емес қой. БАҚ-қа жариясыз етпей де, өз іштерінде кешірілуі керек еді.
600 миллион теңге шамасындағы кешірілген кредитті 28 мың адамға шаққанда, шамамен 20 мың теңге. Мүмкін бір адамдікі 100 мың, бір адамдікі 50 мың, ал бірінде 10 мың теңге болар.
Халықты жарылқап жатқан жоқ...
-Менің көзқарасымда бұл, арнайы бір рақымшылықпен кешірім жасап жатыр деп есептемеймін. Мұны мен микроқаржы ұйымдарының қайтпай жатқан несие көлемі деп ойлаймын. Бұндайды НПЛ деп атайды.
НПЛ дегеніміз қайтарылмаған, кешіктірілген несие көлемі, екіншіден, мүлдем қайтпаған жағдайда қара тізімге енуі, және мәселелі несиелерге айналады. Қарызды қайтару үшін оны корректорлық ұйымдарға беретін өзіндік процестері бар.
Кешіріліп жатқан несиелер алушылардың қайтпайтыны белгілі болған қарыздар деп есептеймін. Микроқаржы ұйымдарының төңірегінде өте көп алаяқтар бар. Бөтен адамның орнына несие рәсімдеп жіберетін жағдайлар бізде өте көп. Ал осы мәселелерге көптеп жолыққан микроқаржы ұйымдарының өздері қаржылық қиыншылыққа ұшырайды. Рейтингтерінің түсуіне алып келеді. Сондықтан оның барлығын бірден кешіріп тастаған өздеріне тиімді. Өзінің несие портфелін тазартады. Осы мақсатта жүргізіліп отырған дүние деп ойлаймын.
600 миллион теңге деген микроқаржы ұйымдары үшін өте көп қаражат емес. Миллардтап, триллионға дейін кешіріліп жатса, ауыз толтырып айтуға болады. Ал осы 600 миллионды жария қып, халықты жарылқап жатқандай айтуы ызамды келтірді.
Өздерінің бас пайдасы үшін...
-Көптеген мемлекеттерде қайтпайтын несиелерді, яғни, өз активтерінің құнын арттыру үшін қайтарылмаған қарыздардың көзін жояды. Бұл жүйе әлемдік деңгейде бар. Мысалы, 10-20 жыл бойы қайтпаған несиені портфельде ұстап тұрса, қаржылық институттың несиелік, инвестициялық рейтингтері бірден құлайды.
Кері әсер болмас үшін, кредит кешіріледі.
Микроқаржы ұйымдарына келетін болсақ, бұл ұйымдары мүлде қажет емес деп қоғамнан ысырып тастауға да болмайды. Өзіндік керек функциясы бар. Өңірлерде, аймақтарда микроқаржы әлдеқайда мобилді. Ірі банктер тек қалаларда ғана болса, микроқаржы ұйымдары халыққа ыңғайлы жерлерде орналасқан. Бірақ, шаруаларды несиелендірген кезде, жеңілдетілген несиелер мемлекет тарапынан беріліп жатса, ауыл шаруашылық саласын дамыту барысында, алыстағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиені беру кезінде осы микроқаржы ұйымдарын пайдалану қажет деп ойлаймын. Өйткені, олардың талабы банк секілді емес.
Екіншіден, алаяқтық та бар. Өздерін микроқаржы ұйымдары ретінде таныстырып жатады. Бұлар Ұлттық банктен ешқандай лецензия алмағандар. Ешқандай заңды түрде құжаттары жоқ бола тұра, халықты алдап жүрген компаниялармен қатаң жұмыс жүргізілуі қажет.
-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!Taulik.kz