Жаңалықтар

Алматыда жүкті келіншек 8-қабаттан секіріп, мерт болды

Алматыда жүкті келіншек 8-қабаттан секіріп, мерт болды

Алматы қаласында 22 жастағы жүкті келіншек тұрғын үйлердің бірінің 8-қабатынан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір қайғылы оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жүкті келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Қайғылы оқиға болған үй тұрғындарының ортақ чатында қайтыс болған жүкті келіншектің 2000 жылы дүниеге келгені айтылған.