Алматыда аяғы ауыр келіншек 8-ші қабаттан секіріп кетті
Алматыда аяғы ауыр келіншек 8-ші қабаттан секіріп кетті
Алматыда аяғы ауыр келіншек 8-ші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қайтыс болған келіншек 2000 жылғы екені анықталды.
Келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болды делінген.
Алматы қалалық полиция департаменті сот-медициналық сараптама жүргізілетін хабарлады.
"Бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбек.
Taulik.kz