Жаңалықтар

Елбасы туралы заң жыл соңында күшін жоюы мүмкін - ДЕПУТАТ

Елбасы туралы заң жыл соңында күшін жоюы мүмкін - ДЕПУТАТ

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайров өз facebook парақшасында көптің көкейінде жүрген мәселенің қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
“Депутаттарға "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы" заңның тағдыры жөнінде көптеген сұрақ қойылуда.
Бұл мәселе қазір профильді комитетте қарастырылуда.
Жылдың аяғына дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы" заңның күшін жою мәселесі Мәжілістің Жалпы отырысының күн тәртібіне дауыс беруге қойылады”,- деп жазды депутат.

Taulik.kz