Қазақстандағы интернет - оқу жүйесінің планшетке көшуіне үлкен кедергі - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ
Қазақстандағы интернет - оқу жүйесінің планшетке көшуіне үлкен кедергі - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ
Қоғам белсендісі, ұстаз Өмір Шыныбекұлы Taulik.kz тілшісіне жаңа білім жүйесіне қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
-Қазір қоғамда 1-сыныптан бастап планшетпен оқыту мәселесі қатты талқыланып жатыр. Осы мәселе бойынша не айтасыз?
-Қағаздың ағаштан жасалатынын, жер бетіндегі ресурстардың оның ішінде ағаштың да кеміп бара жатқанын ескерсек түбі қағаз-кітаптан бас тартып, планшетке өтеріміз анық..
Бірақ, Қазақстан жағдайында дәл қазір планшетке көшуге бірнеше кедергі бар..
1. Интернет жылдамдығының нашарлығы.. Интернет жетпеген ауылдар жетерлік.. Олардың балалары не істейді?Алыс ауылдар түгілі, үлкен қалалардың шетіне шықсаңыз интернет кібіртіктеп қалатынын білесіздер.. Ондай жағдайда планшет артық жүктен басқа ештеңе емес..
2. Онлайн-оқу кезінде (2020 жылы) мемлекет компьютер алуға миллиардтаған қаржы бөлді..Ақыры не болды? Қаржы талан-таражға түсті.. Бағасын қымбат көрсетіп арзан, сапасыз техника алған пысықайлар халықты тағы алдап соқты.. Бірнеше облыста қылмыстық іс ашылды да, арты сиырқұйымшақтанып кетті.. Өзге облыстарды білмеймін, ал Түркістан облысы мектептері үшін алынған компьютерлер ештеңеге жарамай, Шымкенттегі бір қоймада жатыр деп естідік...
Соны көріп отырып, планшетке көшеміз деушілерді өз басым "Баяғы ұрлағанды жеп бітірдік. Тағы ұрлайтын қаржы керек" деген месседж деп түсіндім..”,- деді ұстаз Өмір Шыныбекұлы сөз соңында.
Taulik.kz