Жаңалықтар

Түрлі дауысқа ие Нұрбол есімді пародист жігіт жеті жылға сотталды

Түрлі дауысқа ие Нұрбол есімді пародист жігіт жеті жылға сотталды

Журналист Ерқанат Көпжасар өз facebook парақшасында талайды өз дауысын өзгерте алатын “өнерімен” шаң қаптырған пародист Нұрбол есімді жігіттің жеті жылға бас бостандығынан айырылғанына ызаланып жазба қалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz. Өз жазбасында Қазақстандағы заң жүйесін түсіне алмай өтетіндігін ашық жазған. Түрлі миллиардтаған сома жегендер мен елге опасыздық жасағандар алты жылға сотталатынын да тілге тиек етті.
Біресе антикор, біресе гаи, тіпті әкім орынбасары одан қалса вице министр бола салатын мына Нұрбол деген жігіт естеріңізде шығар. Ылғи шенеуніктерді телефонмен қыршып жүретін осы бала. Найнти уанның продюсері Ерболатқа да Дәулет Тұрлыханов болып звондаған осы. Нағыз пародист. Танымал әншілерді атақты адамдардың дауысын салып таныстарының тойына шақырып алатын. Тіпті Ақтау қаласының әкімдігіне барып антикор қызметкері болып бизнес үшін жер бопсалапты.
Нағыз “Поймай меня если сможешь” киносының қазақша нұсқасы. Бүгін енді осы бала алаяқтығы мен жемқорлыққа итермелегені үшін жеті жыл, алты айға сотталды. Енді 2030 да бірақ шығады абақтыдан. Солай.
Мұны жазып отырған себебім - Қазақияның заңдарын түсіне алмай дал болып отырмын. Отанға опасыздық жасағандар, миллиардтарды қылғытқандар қалай алты жылға сотталады осы?! Біздікі қандай заң өзі?! Әрине қылмысты ақтағым жоқ. Әгі Бандитский Петербургтегі “тауық ұрлағандар қамалады, вагондап ұрлағандар бақытты өмір сүреді” деген әңгіме пост кеңестік мемлекетте әлі күнге дейін мазмұнын жоғалтпағаны қынжылтады”,- деп жазды жазба соңында.

Taulik.kz