Жаңалықтар

Адам не үшін бастырылып қалады?

Адам не үшін бастырылып қалады?

Адамның не үшін бастырылып қалатыны белгілі болды, деп жазады Taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бастырылу немесе ұйқы салы деп адам ояу жатса да денесі қозғалмай, сөйлей алмай, тіл байлануды айтамыз. Бұл жағдайды басынан кешкендер ұйықтаудан қорқып қалуы мүмкін.

Адам не себепті бастырылып қалады?

Ұйқы салы 12-30 жастағы адамдардың ішінде 5-40 пайызында кездеседі. Нарколепсиясы бар адамдарда, яғни ұйқысы бұзылған, орталық жүйке жүйесінде проблемасы бар адамдарда жиі кездеседі. Бастырылу физикалық тұрғыда қауіпсіз болғанымен, оның себебін анықтамаса, психологиялық тұрғыда зиян келтіруі мүмкін. Бастырылу әр ортада әртүрлі қарастырылады. Мысалы славян елдерінде ол албасты, түн көбелегімен байланысты. Ол түнде келіп, жақсы не жаман хабарды жеткізу үшін адамның кеудесіне отырып, секіре бастайды. Мексикада «мәйіт адамның үстіне шығып алса», Канадада бұл күй «кәрі мыстан» деп аталады. Ал мұсылман елдерінде бастырылу - жындармен байланысты.

Бастырылудың негізгі белгілері:

- Бірнеше секунд не минут бойы қозғала алмай жату; - Сөйлей алмау; - Галлюцинация және қорқу; - Кеудеңізді біреу қатты басып жатқандай сезім, төсек қозғалып, есік ашыла бастауы; - Өліп кетуіңіз мүмкін деген ойлар; - Бас және бұлшықет ауруы; - Паранойя.