«Түшкіруді, жөтелуді қойдым»: Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
«Түшкіруді, жөтелуді қойдым»: Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
Актриса Дариға Бадықова және оның жолдасы жақында жол апатына ұшыраған болатын. Актрисаның күйеуіне Алматы қаласында үлкен ота жасалды деп хабарлады Taulik.kz Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
Операциядан кейінгі жағдайы қалай екендігін білу үшін тілшілер актриса Дариға Бадықовамен байланысқа шыққан.
«Өз жағдайыма келсем күннен-күнге көкірек тұсым ауырып жатыр. Дем алсам ауырып тұр. Қазір мен түшкіруді, жөтелуді қойдым. Түшкірік келе жатса қорқамын, себебі не түшкіре алмаймын, не жөтеле алмаймын. Нервтар қысылып тұр кішкене, бәрін жақсылап емдетемін бұйырса. Дархан болницада, операциясы өте қиын өтті. 2,5 сағат наркозбен жасады. Сосын 2 күннен кейін қатты қиналды. Отамен салған темір сүйектерді бір-біріне қосу деген өте қиын ғой. Өйткені етті ұстап тұратын сүйек сынып кеткен. Аллаға шүкір, аман қалдық бастысы. Алдымызда келе жатқан машинаны күтіп алу адреналин болды. Ішкі сезімімді айтып түсіндіре алмаймын. Болды өлдім дедім. Бірақ өкініш болған жоқ. Бұл да бір сынақ деп түсіндім. Аман қалдық, ең бастысы. Тек қана мың шүкір деймін, болды. Дархан бұйыртса ертең шығады. Оған ауыр көтеруге болмайды, бір жылға дейін өзін күтуі керек» - деді актриса.