Шығыс Қазақстанда екі елден де зейнетақы алып жүрген қос азаматтығы бар адам ұсталды
Шығыс Қазақстанда екі елден де зейнетақы алып жүрген қос азаматтығы бар адам ұсталды
ШҚО-да қос азаматтығы бар зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
74 жастағы азамат Қазақстан және Ресейден бір жылға жуық уақыт бойы зейнетақы алып келген.
«74 жастағы тұрғын Красноярск өлкесінде Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ресімдеген. Алайда бұл туралы ішкі істер органдарына хабарламай, бір жылға жуық екі елден зейнетақы алған. Қазақстанның құжаттарын пайдаланғаны үшін шетел азаматына Алтай ауданының соты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Taulik.kz