Азия-Тынық мұхиты банкі «Назарбаев қорының» иелігіне өтті
Азия-Тынық мұхиты банкі «Назарбаев қорының» иелігіне өтті
2021 жылдың қыркүйегінде Ресей банкі аукционда Азия-Тынық мұхиты банкінің (АТБ) 100% акциясын қазақстандық Jusan Қаржы-технологиялық тобына сатқаны туралы ақпарат шықты. АТБ-ны тікелей Jusan тобындағы басқарушы компания – Pioneer Capital Invest сатып алды. Оның құрамына Jusan Bank, First Heartland Securities брокерлік компаниясы және IT, телекоммуникация, логистика, сақтандыру және басқа да қызметтер ұсынатын бірқатар басқа ұйымдар кіреді, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Азия-Тынық мұхиты банкін сатып алғаны Ресей нарығында Jusan Қаржы тобының қызметін кеңейту үшін жақсы негіз болып отыр», – деді сол кезде Pioneer Capital Invest Басқарма мүшесі Евгений Пан.Алайда бір жылдан кейін АТБ-ның Jusan-ға қатысы жоқ екені анықталды. Азия-Тынық мұхиты банкінің өкілі Дмитрий Борщевскийдің айтуынша, «акционер Jusan тобының автономды активтерді басқару құрылымын таңдады. Атап айтқанда, АТБ «Pioneer Capital Invest» ЖШС-нің жалғыз қаржы активі болып табылады, ал бұл ЖШС-нің негізгі иесі – «Назарбаев Қоры». Ақпаратты Қордың баспасөз қызметі растады.
«2022 жылдың қазан айынан бастап холдингтің ішкі қайта құрылымдауы нәтижесінде Pioneer Capital Invest атындағы топтың активі және оған тиесілі АТБ «Назарбаев қорының» тікелей қарамағына өтті және оның Jusan-ға тікелей қатысы жоқ», - деді олар.