Жаңалықтар

Ауылда 300 мыңға жуық бизнесмен әйел бар - министр

Ауылда 300 мыңға жуық бизнесмен әйел бар - министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев әйелдердің жұмысқа талпынысы мен бизнестегі бағы жанған әйелдер туралы баяндады, деп хабарлайды Taulik.kz.
“Қазақстан кәсіпкерлерінің 43 пайызын әйелдер құрайды. Оның ішінде 300 мыңға жуығын ауылдағы кәсіпкер әйелдер құрап отыр. 2019 жылдан бастап әйелдерге 86 мың грант пен шағын несие берілді. Елімізде 4,5 млн әйел жұмыс күшінің жартысын құрап отыр. Оның 1,7 млн-ы ауылда еңбек етеді”,-деді Ордабаев.
Осы жылдың басынан бері 425 мың адам жұмысқа тұрса, оның 220 мыңы әйелдер.
“Кәсіби оқыту бойынша да әйелдердің белсенділігі жоғары. Әсіресе оқыту, білім алу бойынша әйелдер алдына жан салмайды. Әйелдер кәсіпкерлігі тұрақты болады”,- деді Олжас Ордабаев.

Taulik.kz