Алматыдағы барахолка базары өртеніп жатыр
Алматыдағы барахолка базары өртеніп жатыр
Алматыдағы барахолка базары өртеніп жатыр. Өрт Ялян базарының аумағынан шыққан. Бірнеше контейнер жанып жатыр, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.
"Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өрт сөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды", - делінген хабарламада.Базардың 1,5 мың шаршы метр аумағы өртеніп кеткен. Саудагерлер мен өзге де келушілер өртті жылдам ауыздықтауға кедергі келтірген. Өртті сөндіруге 25 техника мен жеке құрамның 86 қызметкері жұмылдырылды.
Taulik.kz