Жаңалықтар

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  Полицейлер мәліметінше, Панфилов аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ер адам үйін өртеп жіберген белгісіз біреуге шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен жүгінген. Жәбірленуші алдын ала шығынды 25 миллион теңгеге бағалаған.
"Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өрт қойды деген негізді күдікке ілінген 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті осы үйде тұратын қызды танитын болып шықты. Ол оның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл оның ашуын және қызғанышын тудырған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жібереді. Өрт оқшауланып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылған", - деді полициядағылар.

Taulik.kz