Жаңалықтар

Мәсімовтың қос азаматтылығын жіті тексеру қажет - САЙРОВ

Мәсімовтың қос азаматтылығын жіті тексеру қажет - САЙРОВ

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайров қос азаматтықты жіті тексеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. Депутат бұл туралы өз facebook парақшасында жазды.
"К. Мәсімовтың "Венгрия азаматтығы болған" деседі. Бұл фактіні "Венгрия Премьер Министрі В.Орбант растаған" деген ақпарат бар. Жоғары лауазым иелері-министрлер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын "қос азаматтылық фактілері" бойынша тексеруден өткізу қажет. Елімізде, жалпы "қос азаматтылыққа" қатысты жаппай тексеру өткізу өте маңызды. Бұл жөнінде ресми орындарға сауал жолдайтын боламын", деп жазды.

Taulik.kz