Украина жасасын: Херсон қаласы Ресейден азат етілді
Украина жасасын: Херсон қаласы Ресейден азат етілді
Бүгін Украинада тарихи күн. Херсон халқы жеңісті тойлатып жатыр. Әр биік ғимарат шыңына Украина туын іліп, ұрандатуда, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қалада жарық та, су да жоқ. Алайда халық қаланың әлі-ақ жарқырап кететініне сенімді.
Украина президенті Зеленский Херсонның өз еліне қайта оралатынын сезгендей:
"Бүгін - тарихи күн. Біз Херсонды қайтарып аламыз. Біздің сарбаздар дәл қазір Херсонға табан тіреуге даяр. Аз қалды, қалаға аяқ басамыз. Арнайы жасақтар қала ішінде жүр. Херсондықтар мұны асыға күтті. Украинадан еш бас тартпады. Украина үнемі артқан сенімді ақтайды, өзіне тиесілінің жолында жан аямайды", - деп айтты Зеленский.
Taulik.kz