Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты

14 қараша, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Taulik.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жарылыстан қайтыс болған адамдардың қайғысына ел болып ортақтасатынын жеткізді.
«Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Taulik.kz