Мұндай арамзалыққа енді төзім жоқ: Түркия АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамады
Мұндай арамзалыққа енді төзім жоқ: Түркия АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамады
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу АҚШ елшілігінің көңіл айтуы қабылданбағанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
«Біз шабуылдың қай жерде үйлестірілгенін білеміз. Бізге жіберілген хабарламаны алдық және оның қандай хабар екенін білеміз. Біз Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасаған емеспіз, сондықтан мұндай арамзалыққа бұдан былай төзімділік танытпаймыз. Истиклал көшесі – біздің аяулы ортамыз. Егер шабуылдаушыны ұстамағанымызда, ол бүгін Грекияға қашып кетер еді», - деді министр CNN Türk арнасына берген сұхбатында.Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Taulik.kz