Жаңалықтар

Назарбаев даңғылы «Қаңтар» боп ауыссын! - Белсенділер

Назарбаев даңғылы «Қаңтар» боп ауыссын! - Белсенділер

Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері  Назарбаев даңғылының “Қаңтар” атауына ауысқанын талап етуде. Олар “Қаңтар” деп жазылған тақтайшаны даңғыл бойына іліп қойды, деп хабарлайды Taulik.kz. 
Олардың ойынша, Назарбаев көшелерінің аты “Қаңтар” деп ауысуы керек.
"Бұл көшеде кісі өлтіруші мен қанды диктатордың аты болмауы керек. Қаңтар оқиғасының құрбандары ұмытылмауы қажет. Сондықтан бұл көше Қаңтар деп аталуы керек. Біз болған оқиғаны жадымыздан өшіруге  және оның қайталануына жол беруге болмайды. Енді қазақ жерінде ешқашан қан төгілмеуі тиіс", - деп мәлімдеді қозғалыс өкілдері.
 width=