Жаңалықтар

Абыройымды төккен адамдарды кешірмеймін, сотқа беремін - ШАХАНОВ (ВИДЕО)

Абыройымды төккен адамдарды кешірмеймін, сотқа беремін - ШАХАНОВ (ВИДЕО)

Мұхтар Шаханов бүгін БАҚ бетіне шыққан ақпаратқа ашулы екенін айтты. Жаңалықта “Шахановты балалары қарттар үйіне өткізіп жіберді” делінген. Ақын арнайы видео жолдап, үйінде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. 
“Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Өйткен себебі, менің әйелім Ханшайым бар кезде мен дегенде ішкенасын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін”,- деді видеода Шаханов.

Видеоны мына жерден көре аласыз.

Taulik.kz