БҰҰ Ресейдің Украинаға өтемақы төлеуге міндетті екенін айтты
БҰҰ Ресейдің Украинаға өтемақы төлеуге міндетті екенін айтты
БҰҰ Ресейдің Украинаға өтемақы төлеуге міндетті екенін айтты. Қазақстан бұл шешімде қалыс қалды, деп хабарлайды Taulik.kz.
BES.media телеграмм каналы мәлімдегендей, БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді Украинаға қарсы «халықаралық құқықты бұзғаны» үшін, соның ішінде өтемақы төлеу арқылы жауапкершілікке тартуға шақыратын шешім қабылдады.
Құжатты ассамблеядағы 193 депутаттың 94-і қолдады. 73 мемлекет қалыс қалды, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан. 14 мемлекет қарсы дауыс берді.
Сыртқы істер министрлігі «мұндай қаулылардың қабылдануы екі жаққа да қолайлы шешім табуға ықпал етпейтінін, керісінше, бөлінетін шекараларды тереңдете түседі» деген тұжырымда.
Бұл ретте Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарын қатаң ұстанады. Осы қағидатты табанды түрде сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын, тең құқықты және бейбіт қатар өмір сүруді сақтау, құрметтеу үшін жауапкершілігін талап етеді.
«Қазақстан өзара қолайлы шешімдерді табуға ықпал ететін кез келген келіссөздер үдерісіне өз үлесін қосуға дайын екенін растайды. Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуге болады деп санайды. Қазақстан – мемлекетаралық қарым-қатынастардағы дауларды, оның ішінде әскери күш пен санкциялық шектеулерді қолдану арқылы шешудің күштеу әдістерін қолдануға жол бермеу бағытында берік бағыт ұстанып, барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеген бейбітшілікті сүйетін мемлекет. Бұл туралы ҚР СІМ БҰҰ-ның бұрынғы қарарына сәйкес BES .media-ның сауалына жауап берді.
Taulik.kz