Жаңалықтар

Қазақстандықтар қыркүйек-қазан айында 500-ге жуық ресейлікпен неке қиған

Қазақстандықтар қыркүйек-қазан айында 500-ге жуық ресейлікпен неке қиған

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтар осы жылдың қыркүйек, қазан айларында қанша ресейлік азаматпен неке қиғанын хабарлады. 
"Мәлімет бойынша, 2022 жылдың қыркүйегі мен қазанында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған", - делінген хабарламада.
Бірақ бұл деректердің былтырғыдан көп айырмашылығы жоқ екені атап өтілді. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп неке Алматы - 94 (2021 жыл - 75), Астана - 51 (2021 жыл - 46) және Қарағанды облысында - 45 (2021 жыл - 49).
Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.
"Зерттеу бойынша кейінгі жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендегені байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында - 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке қиылды", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Taulik.kz