Жаңалықтар

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды

Абай облысында қызметін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы жаңа қонысқа ие болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетсек, Семейде «Азия Фирма» ЖШС-нің бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін қыркүйек айында хабарлаған болатын. Араға 2 ай салып, 12 қараша күні «Фирма Азия» ЖШС-нің өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың зайыбы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

Taulik.kz