Жаңалықтар

Шымкентте үйлену тойында оқ атылды (ВИДЕО)

Шымкентте үйлену тойында оқ атылды (ВИДЕО)

Шымкентте тойда оқ атқандарға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Taulik.kz Айқынға сілтеме жасап. AstanaTV-ның дерегінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті екі тұрғынды ұстады. Ұсталғандар жеке үйлердің бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде ауаға бірнеше рет оқ атқан. Полицейлер АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматын тәркіледі. Сондай-ақ жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасы табылды. Қазір бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қызылордада да осыған ұқсас жағдай болды. Газды тапаншамен оқ атқан ер адам қамауға алынды. Ол көлік жүргізіп келе жатып, терезеден қолын шығарып бірнеше рет аспанға атқан. Тексеріс нәтижесінде оқиға той кезінде болғаны анықталды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы Нұрлыхан Рахменшеев: «Аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар кодекстің 434-бабы, 484-бабы және 485- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда ол 7 тәулікке басқармамен әкімшілік қамауына алынды», – деді.
https://www.youtube.com/watch?v=DDUfeoBX_n0