Қостанай облысының денсаулық саласына 322 маман қажет
Қостанай облысының денсаулық саласына 322 маман қажет
Бұл мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап.
Аймаққа 322 маман қажет. Негізінен акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог, невропатолог, неонатолог, фтизиатр және инфекция бойынша мамандар керек. Мәселе одан әрі тереңдеуі мүмкін, себебі аймақтағы әр үшінші мед қызметкер зейнетке шығатын жасқа келген немесе зейнетке шығып кеткендер (563 маман).
Биыл аймақ бойынша 95 маман кетіп қалса, 118 маман келген. Оның ішінде 59 маман – бітіруші түлектер және басқа да аймақтан келгендер. 35 дәрігер ведомстволық үйге ие болса, 32 маманның жалдап тұрып жатқан үйінің ақысын денсаулық сақтау орталығы төлеп отыр.