Қарағандыда анасын өлтірген қылмыскер жауапкершіліктен босатылды
Қарағандыда анасын өлтірген қылмыскер жауапкершіліктен босатылды
Қарағанды облысында анасын өлтірген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қылмыскер мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделетін болды.
"Жәбірленушілердің М.-ға қойған талаптары, соңғысының "есі дұрыс емес" деп танылуына және заң бойынша қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін тұлғаның болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды", – деді сот.Қарағандыда 3 маусым күні сағат 00:30 шамасында созылмалы психикалық бұзылыс жағдайындағы ер адам бұзақылық ниетпен Гапеев көшесіндегі №31 үйдің ауласында тұрған бірнеше көліктің терезесін сындырған. Сол түні сағат 03:45 шамасында ол Гапеев көшесіндегі 29-үйде анасын темір табамен өлтіріп, бірнеше жерінен пышақтаған.
"Стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ол созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады, қылмыс жасау кезінде созылмалы психикалық бұзылыс жағдайында болған, яғни оның іс жүзіндегі сипатын, іс-әрекетінің әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмаған", – деді сотта.
Taulik.kz