Дәрумендерді шамадан тыс қолдану рак ауруын тудыруы мүмкін

15 қараша, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Дәрумендерді шамадан тыс қолдану рак ауруын тудыруы мүмкін АҚШ-та тұратын химик-инженер Ербол Абайұлы биологиялық белсенді қоспаларды таңдау бойынша өз инстаграм парақшасында бірнеше пайдалы кеңес ұсынды

Жарнамаға алданбай, дұрыс өнімді қалай таңдауға болады? 

«Дәрігерлермен тығыз байланысқан фармацевтикалық компаниялар, желілік бизнеске араласқан қарапайым халық, жалдамалы мамандандырылған жазғыштар бұлардың барлығы жұмыла жұмыс атқарғанда нәрлі заттарды табиғи өнімдерден емес, таблетка, капсула, ұнтақ сұйықтықтардан алған жақсырақ деген ойға да келіп қаласыз. Шындығында, бұл – тек коммерциялық әдістеме. Дегенмен қазір экологиялық жағдайға байланысты топырақтың құнарлығы нашарлап, өсіп шығатын өнімдердің табиғи құрамы бұрынғыдай емес. Кейбір маңызды микроэлементтер қажетті мөлшерден аз болуы да мүмкін. Сол себепті қоспаларды мүлде қажет емес деуге де болмайды. Тек белсенді қоспаны мөлшерлі деңгей де әрі құрамының дұрыстығына көз жеткізіп қолданған жөн», – дейді Ербол Абайұлы.

Taulik.kz