Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы теракт: Күдіктіге АҚШ әскерилері сабақ берген

Ыстамбұлдағы теракт: Күдіктіге АҚШ әскерилері сабақ берген

Ыстамбұлда жарылыс жасады деген күдіктіге АҚШ әскерилері сабақ берген, деп хабарлайды Taulik.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Әлбашир жауап алу кезінде КЖП-ның сириялық бөлімшесімен байланысы бар екенін мойындады. Террорист өзінің Айн әл-Арабтағы (Кобани) КЖП барлау мектебінде оқығанын, Сириядағы америкалық сарбаздар да сабақ берген мекемеде оны арнайы барлау офицері ретінде дайындағанын мәлімдеді», - деп хабарлайды Түркияның Yeni Şafak басылымы.
Күдікті өзіне нұсқаулық беріп отырған Айн әл-Арабтағы КЖП/YPG/SDG ұйымы жетекшісінің сенімді адамымен байланыстары туралы да айтып берген. Тиісті нұсқауларды орындаған бойжеткен төрт ай бұрын Африн Адлиб арқылы Түркияға заңсыз кірген.

Taulik.kz